Елена Рыбакина жұптық сында Индиан Уэльс турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметовамен жұптасып, BNP Paribas Open турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ширек финалда олар чехиялық Мари Бузкова мен Люси Градецканы 1:6, 6:1, 10:3 есебімен жеңген.

Кездесу 1 сағат 6 минутқа созылды.

Жартылай финалда Рыбакина мен Кудерметова жүбы украиналық Людмила Киченек және латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі.