425,95 492.05 6.00
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Танымал кениялық спортшы өз үйінде өлтірілген

  • 122
  • UPD: 17:50, 14.10.2021
Танымал кениялық спортшы өз үйінде өлтірілген Olympics

Кениялық жеңіл атлет Агнес Тироп Итэн қаласындағы өз үйінде өлі табылды.

Бұл туралы BBC-ге сілтеме жасай отырып «Хабар 24» хабарлады.

Спортшы пышақ жарақатынан көз жұмған. Ал басты күдікті ретінде оның күйеуі қарастырылуда.

«Оның өліміне қатысты толығырақ ақпарат алу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Кения інжуін жоғалтты, ол болашағынан зор үміт күттіретін спортшы еді», – делінген Кенияның жеңіл атлетика федерациясы таратқан мәліметте.

Агнес Тироп 19 жасында кросс спортынан әлем чемпионатында жеңіске жетіп, тарихтағы ең жас екінші чемпион атанды. Ал 12 қыркүйек күні ол 10 шақырымды 30 минут 01 секундта бағындырып, әлемдік рекордты жаңартты.

Одан қалды 25 жастағы Тироп 10 шақырымға жүгіруден 2017 және 2019 жылдарда әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған. Токио олимпиадасында 5 шақырымға жүгіруден төртінші орын алған болатын.

Хабар 24 телеарнасы