Әлем чемпионатының жеңімпаздарына көлемді сыйақы беріледі

24 қазан мен 6 қараша аралығында Белградта әуесқойлар арасында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Онда қазақстандық боксшылар да өнер көрсетеді, деп хабарлайды «Хабар 24» Prosport.kz-ке сілтеме жасап.

AIBA бірінші орын үшін боксшыға 100 мың доллар көлемінде сыйақы береді. Күміс жүлдегер 50 мың АҚШ долларын, ал қола жүлдегерлер 25 мың АҚШ долларынан алады.

Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 2 600 000 АҚШ долларын құрады.

Сондай-ақ...