Волейбол: қазақстандық клуб Таиландтағы чемпионатта қолаға таласады

Таиланд елінде волейболдан Азияның клубаралық чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыстың кезекті күні жартылай финал кездесулері өтті және еліміз атынан аттанған «Буревестник» есе жіберді. Алматылық клуб бұл жолы Катардың «Аль-араби» командасымен жолыққан. Тартысты өткен кездесу 5 кезеңге созылды. Қазақстандық клуб бірінші және үшінші бөлімдерде басым болды. Бірақ жалпы есепте 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Енді олар таиландтық командамен кездесіп, қола жүлдеге таласады. Шешуші сындар бүгін өтеді. Айта кетейік, «Буревестник» жарыстың алғашқы күндері Таиланд, Шри-Ланка және Кувейт елінің волейболшыларын ұтты. Ал Ирактан келген командаға есе жіберді.

Ел чемпионатында тартыс күшейді

«Арлан» топ басына шықты. Шайбалы хоккейден ел чемпионаты жалғасып жатыр. Оның аясында көкшетаулық «Арлан» елордалық «Номадпен» жолықты. Нұр-Сұлтан қаласында өткен матч аса тартысты болды және негізгі уақыт 3:3 есебмен аяқталды. Қосымша уақытта да жеңімпаз анықталмады. Ал матч соңындағы буллиттер сериясында қонақтардың жолы болды. Осылайша көкшетаулық клуб 11 ойыннан кейін 20 ұпай жинап, турнир тізімінің бірінші сатысына жайғасты. Үздік үштікті өскемендік «Торпедо» мен қарағандылық «Сарыарқа» түйіндеп тұр. Барлығының ұпай көрсеткіштері шамалас. Ал елордалық «Номад» әзіргі 6-орында.

Айта кетейік, ішкі біріншілікке биыл 13 команда қатысып жатыр. Негізгі чемпионат ақпанның соңына дейін жалғасады. Одан кейін плей-офф кезеңі басталады.

Дәл осындай атаумен елордада арнайы жоба басталды. Оның аясында бұқаралық іс-шаралар өткізу дирекциясы қаланың 8 жерінде, яғни саябақтар мен қоғамдық орындарда тегін негіздегі шеберлік сағатарын ұйымдастырады. Оған бас-аяғы 84 бапкер жұмылдырылды. Олар қала тұрғындары мен қонақтарын 11 спорт түріне баулиды. Оның ішінде каратэ, стритбол, бадминтон, фитнес және скандинавиялық жүріс сияқты бағыттар бар. Жобаның өзі желтоқсанның соңына дейін жалғасады. Қар түскеннен кейін тізімге қысқы спорт түрлері де қосылады. Осы арқылы қаладағы бұқаралық спорттың дамуына

Сондай-ақ...