«Барыстың» канадалық капитаны жылына 597 млн теңгеден астам табыс табады

«Барыс» пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Даррен Диц Құрлықтық хоккей лигасындағы ең қымбат ойыншылар рейтингінде көш бастап тұр, деп хабарлайды vesti.kz.

«Спорт-Экспресс» мәліметінше, бұл тізім ойыншылардың негізгі еңбекақысын есепке алып жасалды. Ең жоғары айлық 900 миллион рубльден аспауы керек, бұл – хоккейшілердің үстемақы мен сыйақысыз алғандағы кепілді ақшасы. 

Жылына жүз миллион рубль табыс табатын «Барыс» капитаны рейтингте бірінші, теңгеге шаққанда оның жылдық табысы 597 337 300 теңге.

Мамырдағы рейтингте Диц осы табысымен рейтингте екінші болған. Ол кезде мәскеулік «Динамо» шабуылшысы Дмитрий Яшкин (115 миллион рубль) бірінші болған, кейін ол ҰХЛ-ге ауысты.

Қазір екінші орында – «Динамоның» форварды Вадим Шипачев (95 миллион), ал үшінші – «Салават Юлаевтың» финляндиялық хабуылшысы Теему Хартикайнен (90 миллион).

Сондай-ақ...