Алексей Луценко «Серениссима Гравел» жарысында топ жарды

Astana Qazaqstan Team командасының қазақстандық велошабандозы Алексей Луценко «Серениссима Гравел» бір күндік жарысында топ жарды. 

Алғаш рет өткен веложарыста Әлемдік турдың 4 командасы қатысты. 132 шақырымға созылған қашықтықта Алексей Луценко мәре сызығын бірінші кесті.