ҚХЛ жұлдыздар ойынының өткізу жүйесін ауыстырмақ

Құрлықтық хоккей лигасы жұлдыздар ойынының өткізу жүйесіне өзгерістер енгізбек, деп хабарлайды vesti.kz.

Бұдан былай, лига бұл ойынға қатысатын команданы дивизонға байланысты емес, географиялық орналасуына байланысты бөледі. Алдағы жұлдыздар ойынына Ресей, Солтүстік Америка және Скандинавияда өнер көрсететін хоккейшілер келеді.

Еске салайық, биылжұлдыздар ойыны қаңтар айында Челябі қаласында өтеді.