434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қарқаралыға қарасты ауыл халқы ескі интернат ғимаратын жөндеп беруді сұрап отыр

  • 146
  • UPD: 16:58, 17.10.2021

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Балқантау ауылының тұрғындары ескі интернат ғимаратын жөндеп беруді сұрайды.

Ауылдағы спорт кешенінде 85 бала тұрақты жаттығады. Қазір алақандай ауылдан шыққан команда облыстық, республикалық жарыстарда топ жарып жүр. Жаттықтырушылардың айтуынша, Балқантау ауылының маңында 23 қыстау, бірнеше шағын елді мекен бар. Ондағы жасөспірімдер де шыныққысы келеді. Бірақ жатын орын жоқ екен. Сондықтан иесіз бос тұрған ғимаратты жөндеп, интернат ашып берсе деген тілектері бар.

Берік Көшенов, спорт кешенінің жаттықтырушысы:

- Ауылымызда бұрынғы интернаттың зданиесі тұр. Ол бұзылмаған. Сол бұзылмағанды қайтадан қалпына келтіріп, аудан бойынша бізде со спортивным наклоном интернат жоқ, сол со спортивным наклоном интернатымыз болса, келешекте біз Қарағанды спорт интернатына балалар беруге дайын боламыз. Ауылымыздың балалары осы жерде оқуға және көрші ауылдың балаларын, результаты бар балаларды біз осы жерде дайындап, Қарағандыға фундаментін құйып беруге дайынбыз. Жаз уақытында бізге сборға балалар келгісі келеді.

Темірхан Абылаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

- Қосымша ол жерге жатақхана ашу экономикалық жағынан алып қарағанда тиімсіз. Өйткені ауыл тұрғындарының саны аз, бала саны аз. Бапкерлердің көтеріп жатқан сұрағы орынды әрине. Бәріміз де бапкер болдық. Олар сол жерде сбор өткізсе дейді. Бірақ дегенмен, жылына бір рет сбор өткіземіз, бір рет жарыс өткіземіз, ал 11 ай оны ұстап тұру үлкен қаржыны талап етеді.

Хабар 24 телеарнасы