Олимпиада отанында Бейжің-2022 ойындарына қарсы акция өтті  

Грекия астанасы Афиныда 2022 жылы Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына қарсы акциясы өтті, деп жазады Vesti.kz.

18 бен 22 жастағы екі студент қыз құрылыс жүріп жатқан жерде «Бейжің 2022 Қысқы ойындарына бойкот», «остандық болмаса – ойындар да болмауы керек», «Азат Тибет» деген жазулары бар плакаттар ілген.

Грек полициясы Олимпиадаға қарсы акция басталған сәттен 10 минуттан кейін қыздарды тұтқындаған.

Белгілі болғандай, екі қыз да АҚШ-та білім алып жатқан Тибет пен Гонконг тумалары болып шыққан. Қыздардың айтуларынша, ХОК (Халықаралық Олимпиада Комитеті) Қытай үкіметінің Тибет, Оңтүстік Моңғолия, Шығыс Түркістан және Гонконгқа жасап жатқан геноцидіне көз жұмып, Олимпиада ойындарын өткізуі дұрыс емес.

Еске салайық, ақпан айының 4-20 аралығы Бейжің XXIV Қысқы Ақ ойындарды қабылдайды.