434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Eagle Fighting Championship 42: Дәурен Ермеков жеңіліп көрмеген ресейлікті ұтты

  • 128
  • UPD: 23:35, 17.10.2021
Eagle Fighting Championship 42: Дәурен Ермеков жеңіліп көрмеген ресейлікті ұтты

Қазақстандық файтер Дәурен Ермеков (15-5) Сочиде өтіп жатқан Eagle Fighting Championship 42 аралас жекпе-жек турниріне қатысты, деп хабарлайды Хабар 24 Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ермектің қарсыласы жеңіліп көрмеген ресейлік Нуцалхан Умаханов (7-0) болды. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек жоспарланған үш раундқа созылып, төрешілер шешімімен Ермеков жеңіске жетті.

Осылайша, Дәурен Ермеков кәсіпқой мансабындағы 16-шы жеңісіне қол жеткізсе, Нуцалхан Умаханов бірінші рет ұтылды.

Айта кетейік, Eagle Fighting Championship промоушн иесі – UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов.

Хабар 24 телеарнасы