loader


100 шақырым жүгіріп, 1,5 млн теңге ұтып ал!

Қазақстандықтар арасында жаңа челлендж жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«100 шақырым+» жарысына қатысып, бақ сынағысы келетіндер көбейді. Бастысы осы аралықты 2 айда еңсеруі тиіс. Сосын сыйлық ұтысына қатыса алады.

«100 шақырым» челленджіне қатысушыларының бірі – елордалық Алмас Анарбеков. Бас қаладағы педогогикалық колледждің оқытушысы. Информатика пәнінен дәріс береді. Бос уақытын жүгіруге арнайды. Салауатты өмір салтын ұстанып, түрлі дәрежедегі спорттық жарыс, марафондарға қатысып тұрады. Таяуда Астана марафонында бақ сынап, 10 шақырым қашықтықты 51 минутта еңсерді.

Алмаc Анарбеков, қала тұрғыны:

- Жүгіру ұнаған соң, хоббиіме айналған соң, әлеуметтік желіден жарнама көріп қалдым. Сол арқылы челленджі білдім. Қазір 30 км жүгірдім.

Алмас келешекте кәсіби марафоншы болғысы келеді. 22 жастағы жігіт жүгірудің қоғамда қалыпты өмір салтына айналғанын қалайды. Достары мен шәкірттерін де осыған үндейді. Кейіпкеріміз «Жүгір.кз» сайтына 500-ші болып тіркелді. Челленджге 100 шақырымды бағындырам деуші кез келген адам қатыса алады.

Алмаc Анарбеков, қала тұрғыны:

- Егер мүмкіндік болса, күніне 3-4 км жүгірген дұрыс. Денсаулыққа жақсы. Жүгіру адамға энергия, құлшыныс береді. Алдағы күнге.

Челлендж қарашаның соңына дейін жалғасады. Желтоқсанда жеңімпаздар анықталады. Мақсатқа жеткендер 1,5 млн теңге немесе өзге де бағалы сыйлықтарды ұтып ала алады.

Рауан Мыңбаев, Наурыз Базаров

Сондай-ақ...