476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Енді асық атудан спорт шебері атағы беріледі

  • 325
  • UPD: 10:34, 18.10.2021
Енді асық атудан спорт шебері атағы беріледі Muftyat.kz

Ұлттық ойынымыз ресми санат алатын деңгейге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни ішкі біріншіліктерде топ жарғандар енді спорт шебері және спорт шеберлігіне үміткер атана алады. Бұл жөнінде Асық ату федерациясының өкілі Марат Исламбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, бастама ұлттық ойынымызды жаңғыртуға және қатысушылар санын арттыруға тың серпін береді. Қазір асық ату мектеп бағдарламасына қосылып, бірқатар білім ордасында үйретіліп жүр. Бұған қоса, жыл сайын тұрақты ұйымдастырылатын жарыстары бар. Тіпті әртүрлі деңгейдегі спартакиада мен универсиадаларға қосылған. Ал енді елордада «Қолжетімді спорт» бағдарламасы аясында саябақтарда асық атудан тегін негізде шеберлік сағаттары өткізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы