Елена Рыбакина WTA рейтингінде бір сатыға төмендеді

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бір сатыға төмендеп, 17-орынға жайғасты.

Юлия Путинцева да бір орынға сырғып, 44-сатыдан көрінді.

Ал ресейлік Вероника Кудерметовамен жұптасып, Индиан-Уэллс турнирінің финалына шыққан Рыбакина жұптық сында 48-орынға жайғасты.

Анна Данилина үш сатыға көтеріліп, 81- орынға тұрақтады.