Бокстан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды

Бокстан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты Сербия астанасы Белград қаласында өтеді. Аталған дүниежүзілік біріншілік 25 қазан мен 8 қараша аралығына жоспарланған. 

Қазақстан құрамасынан әлем чемпионатына 13 былғары қолғап шебері қатысады.

Олар: 

48 келі: Теміртас Жүсіпов 

51 келі: Сәкен Бибосынов 

54 келі:Сабырхан Махмұт 

57 келі: Серік Теміржанов 

60 келі: Санаталі Төлтаев 

63.5 келі: Саматәлі Төлтаев 

67 келі: Абылайхан Жүсіпов 

71 келі: Асланбек Шымбергенов 

75 келі: Нұрқанат Райыс 

80 келі: Нұрбек Оралбай 

86 келі: Бек Нұрмағанбет 

92 келі: Айбек Оралбай 

91 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Нұрлан Сапарбай