Футзалдан Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатындағы қарсыластарын білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кака шәкірттері Италия, Словения және Финляндиямен бір топта ойнайды. 

Еуропа чемпионаты 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Нидерландта өтеді. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы биыл Литвада өткен әлем чемпионатында жартылай финалға дейін жетіп, үшінші орын үшін матчта Бразилия құрамасына есе жіберді.