Алматылық спортшы Нью-Йорк марафонына қатысуды армандайды

Алматылық спортшы Нью-Йорк марафонына қатысуды армандайды

Анна мамандығы бойынша нутрициолог. Яғни дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстануға үндейді. Қашықтыққа жүгіруді 2017 жылы бастапты. Өз бетінше жаттығып жүрген желаяқ екі рет Алматы марафонына қатысып, 21 шақырымға жүгірген. Енді Нью–Йорк марафонына қатысып, 42 шақырымды бағындыру арманым, дейді ол.

Айта кетейік, әлемдегі ең ірі спорттық шара 7 қарашада өтеді. Биыл марафонға 30 мыңнан астам спортшы қатысады. Пандемияға байланысты ұзақ үзілістен кейін алғаш рет әр елдің желаяқтары көрсеткіштерін жаңартпақ.

Анна Власова, әуесқой спортшы:

- Нью -Йорк марафоны - әлемдік деңгей. Өйткені онда әр елдің желаяқтары бас қосып, бақ сынайды. Алматы марафонының да ауқымы аз емес. Дегенмен әлемдік доданың атмосферасын сезінгім келеді. 42 шақырымға  жүгіру - менің арманым.