Қазақстандық теннисші Недовесов Антверпен турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Антверпен (Бельгия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Хабар 24 ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Александр Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге әуелі даниялық Фредерик Нильсен - хорватиялық Матей Шабановпен кездесті. Қазақстандық-украиналық жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бүгін ширек финалда аргентиналық Федерико Дельбонис - испаниялық Давид Вега-Эрнандеспен кортқа шықты. Бірінші партияда Недовесов пен Молчанов басымдылық көрсетті - 6:3. Содан кейін аргентиналық-испаниялық жұп матчты жалғастырудан бас тартты. А.Недовесов пен Д.Молчанов финалға шығу үшін жарыстың 2-ракеткалары, франциялықтар Николя Маю - Фабрис Мартенмен таласады.