Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық Зарина Дияс АҚШ-тағы Джорджия ITF турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жүлде қоры 80 мың АҚШ долларын құрайтын жарыстың ширек финалында доданың 2-ракеткасы болып тіркелген З.Дияс американдық Виктория Дювальмен күш сынасты.

Қазақстандық теннисші 1 сағат 16 минутқа созылған кездесуде 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Зарина финалға шығу үшін әлемнің 94-ракеткасы, тағы бір американдық Мария Беатриспен таласады.

Сондай-ақ...