Бас бапкер шорт-трекшілердің Бейжіңдегі нәтижесіне баға берді

Шорт-тректен Қазақстан командасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков Қытайда өтіп жатқан әлем кубогы кезеңіндегі спортшылардың жетістігіне баға берді.

«Бүгін команда спортшылары екі медаль жеңіп алды. 1500 метрде Әділ Ғалиахметов әлем кубогының күмісін иеленді. Бүгінге дейін 1000 метрге жүгіруден Нұрберген Жұмағазиев, 500 метрге жүгіруден Абзал Әжіғалиевтер әлем кубогы кезеңінде жүлде салған болатын.

Ал 1500 метрге жүгіруден ең алғашқы медальді Әділ алып отыр. Қуаныштымыз! Денис Никишаның қола жүлдесі де қуанышымызды еселей түсті. Бұл әлі бастамасы. Алда әлем кубогының үш кезеңі өтеді. Біз қазіргі қарқынымызды жоғалтпай, Бейжің Олимпиадасына жолдама алу үшін бар күшімізді саламыз. Алға, Қазақстан!» – деді Қарсыбеков. 

Айта кетейік, бүгін айдынға шыққан Денис Никиша 500 метрге жүгіруден қола медаль алса, 1500 метрге жүгіруден Әділ Ғалиахметов күміс жүлде еншіледі. 

 

Сондай-ақ...