Алина Сарқұлова – маунтинбайктан халықаралық турнир жүлдегері

Қазақстандық спортшы Алина Сарқұлова маунтинбайктан халықаралық турнир жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Түркияда маунтинбайктан Sakarya MTB Cup додасы өтті. Аталған бәсекеде Қазақстан құрамасының мүшесі Алина Сарқұлова күміс жүлдеге ие болды. 
Жарыс қорытындысы бойынша украиналық Ирина Попова топ жарды. Ал Таиланд өкілі Варинтхорн Фетпрапхан үздік үштікті түйіндеді. 

Сондай-ақ...