«Барыс» хоккейшілері өз айдынында «Северстальдан» жеңіліп қалды

Елордалық «Барыс» өз айдынында череповецкілік «Северстальден» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Қонақтар бұл кездесуге жеңістер сериясымен келді. Андрей Разиннің командасы бұған дейін «Нефтехимик», «Куньлунь Ред Стар» мен ригалық «Динамоны» қапы қалдырған. 

«Барыс» болса, кейінгі екі матчында «Локомотив» пен минскілік «Динамодан» жеңіліп қалған. 

Ал командалардың өзара текетіресі 5:1 есебімен ресейлік клубтың жеңісімен аяқталды. 

«Барыс» - «Северсталь» 1:5 

0:1 - Лишка Адам (Гуслистов Никита). 

0:2 - Стенквист Якоб (Гераськин Игорь, Тимашов Николай). 

1:2 - Шестаков Аркадий (Гурков Дмитрий, Савицкий Кирилл). 

1:3 - Гераськин Игорь. 

1:4 - Рооба Роберт (Лишка Адам). 

1:5 - Кодола Владислав (Пресс Робин). 

Қақпашылар: Ортио — Шугаев

Сондай-ақ...