Эль-Класико 2021 жеңімпазы кім

Эль-Класико 2021 жеңімпазы кім
Prosports.kz

Испания Ла лигасының 10-туры аясында «Барселона» өз алаңында «Реал Мадридтен» 1:2 есебімен жеңілді, деп жазады Prosports.kz.

Матч Барселонадағы «Камп Ноу» стадионында өтті. 

Ойын алдында «Барселона» стадионға жанкүйерлер 100% толық кіре алатынын жариялаған. Демек каталониялық клуб сатылымға 99 мың билет шығарды. Бірақ оның 86 422-і ғана өткен.

Басқаша айтқанда, барселоналық жанкүйерлердің Эль-Класикоға деген қызығушылығы бұрынғыдай емес деген сөз. Бұрын «Реал» мен «Барселона» ойнаған кезде «Камп Ноуда» ине шаншар орын қалмайтын. Тіпті билеттер алып-сатарлардың қолына өтіп, бағасы бірнеше есе қымбаттап кететін. Бірақ бұл жолы клубтың ресми сайтында өтпеген билеттер қалған.

Мамандар мұндай жағдайға Лионель Мессидің қатысы бар деп топшылайды. Аргентиналық атақты футболшы командадан кетіп қалғандықтан, кей жанкүйердің Эль-Класикоға деген ықыласы төмендеген болуы мүмкін.