434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бейжіңдегі қысқы Олимпиадаға дайындық жүріп жатыр

  • 125
  • UPD: 11:55, 26.10.2021

Бірер айдан кейін Бейжің төрінде кезекті Олимпиада басталады. Оған 95 елден 4 мыңға жуық спортшы қатысады. Енді осы тізімге ілігу үшін қазір бүкіл әлем жанталасып жатыр. Оның ішінде жерлестеріміз де бар.

Араға 13 жыл салып олимпиада алауы қайтатан Бейжіңге оралды. Иә, Қытай астанасы жазғы және қысқы ойындарды қабылдаған әлемдегі алғашқы қала атанбақ. Жергілікті билік бұл шараға тыңғылықты дайындалып жатыр. Қазірдің өзінде спорттық кешендер толықтай қолданысқа берілді. Санитарлық талаптар күшейтілді. Қаланың экологиясы жақсарды. Тіпті олимпиадалық инфрақұрылымдар тек жасыл энергиямен қамтамасыз етіледі деп уәде берді. Міне көрші ел осы және өзге де ерекшеліктерімен адамзат тарихында болмаған спорттық мереке ұйымдастырмақ. Ал біздің елде Олимпиадаға әзірлік жайында ресми қыркүйектің соңында ғана айтылды. Ұлттық олимпиадалық комитет отырысында дайындықтың барысы сөз болып, оған 2 миллиард 900 миллион теңге бөлінгені белгілі болды. Бұл өткен Олимпиадамен салыстарғанда әлдеқайда көп.

Елсияр Қанағатов, ҚР ҰОК Спорт дирекциясының директоры:

- Біздің іспен жатқан жұмыстарымызды айтар болсақ, біріншіден, Олимпиадаға қатысу тәжірибесі бойынша арнайы штаб құрылды. Бұл Олимпиадаға дайындқыты жедел шешуші күнделікті қарайды. Екіншіден, Олимипиада ойындарына жолдама алады деген жетекші 70-тен аса спортшы белгліленді. Үздік ондыққа кіреді деген 9 спортшы белгіленді. Олармен келісім-шарт жасалды.

Ұлттық құрама бұл жолғы Олимпиадаға 95 жолдама алуды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде қоржында 38 бар. Өкінішке орай, әйелдер хоккейінен лицензия бұйырмады. Қазақстандық қыздар Италиядағы іріктеу сынына қатысып, мүмкіндікті жіберіп алды. Алғашқы күні Тайпей құрамасын ұтқан. Артынша Испания мен Италия командаларына есе жіберді. Ал шорт-трек шеберлері дәл қазір жолдамаға таласып жатыр. Бейжің қаласында әлем кубогінің алғашқы кезеңі өтті. Алда тағы 3 кезеңі бар. Мәдіғали Қарсыбеков баптайтын қыз-жігіттер бас-аяғы 10 жолдама алуды жоспарлап отыр.

Абзал Ажғалиев, шорт-тректен ұлттық құраманың мүшесі:

- Үшінші Олимпиадам. Қолдан келгенше тырысамын. Ең басты мақсат орын алу. Жауапкершілік болады. Соны сезінесің. Командадағы әр спортшы, тек мен емес, қасымдағы спортшылар, бапкерлер, бәрі сезінеді. Әр спортшы 100 процент тырысады қолынан келгенше.

Ал коньки жарысының шеберлері елордада өзара мықтыны анықтады. Қазақстан кубогі нәтижесінде ұлттық құрама жасақталып, лицензиялық жарыстарға қатысады. Бас бапкер Дмитрий Бабенко спортшылардың бабы жақсы дейді. Ішкі біріншілікте жас жігіттер топ жарып, күтпеген нәтижелер тіркелді. Енді соны халықаралық деңгейде дәлелдеу керек. Басқа бағыттар бойынша да жерлестеріміз іріктеу сындарына дайындалып жатыр. Олимпиада аттанатындардың нақты тізімі желтоқсанда белгілі болады. Ал Бейжің Олимпиадасының өзі 4 ақпанда басталады. Оған 95 елден 4 мыңнан аса спортшы қатысады деп күтіліп отыр. 

Аслан Қаженов, Ерлан Наурызбаев

Хабар 24 телеарнасы