Бокстан әлем чемпионаты: Сәкен Бибосынов Олимпиада чемпионын жеңді

Белградта бокстан әлем чемпионатының екінші жарыс күні жалғасып жатыр. Кешкі сессия Қазақстан және Өзбекстан боксшыларының жекпе-жегімен басталды, деп хабарлайды «Хабар 24» ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

51 келі салмақта Сәкен Бибосынов пен Өзбекстан өкілі, Рио Олимпиадасының чемпионы Хасанбай Досматов кездескен болатын. Тартысты жекпе-жекте 5:0 есебімен Бибосынов жеңіске жетті. 

Осылайша, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов азулы қарсыласын жеңіп, келесі айналымға өтті.