«Барыс» қатарынан төртінші рет жеңілді

Құрлықтық лига аясында елордалық клуб «Сібір» командасымен жолықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Новосибирск қаласында өткен матч аса тартысты басталды. Бірінші кезеңде 4 шайба соғылды. Алаң иелері сапынан Денис Голубев пен Николай Демидов мергендігімен көзге түссе, Дмитрий Гурков пен Кертис Волк таразы басын теңестірді. Ал матч соңына дейін қос тарап тағы бір-бір голдан соқты. Осылайша негізгі ойын уақыты тең аяқталды. Қосымша уақытта да жеңімпаз анықталмады. Ал буллиттер сериясында «Сібірдің» жолы болды. Осылайша елордалық клуб қатарынан төртінші рет жеңіліп отыр. Нәтижесінде 23 матчта 19 ұпай жинап, Шығыс конференциясының 9-сатысына төмендеді. Юрий Михаилис баптайтын жігіттер келесі кездесуін ертең өткізеді. Владивосток қаласында жергілікті «Адмираль» командасымен жолығады.