434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Боксшы Асланбек Шымбергенов ирандық қарсыласты жеңді

  • 159
  • UPD: 20:50, 27.10.2021
Боксшы Асланбек Шымбергенов ирандық қарсыласты жеңді

Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Асланбек Шымбергенов екінші кезеңге жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

1/32 айналымда Асланбек ирандық боксшы Фархад Морадиге қарсы шыққан болатын. Жекпе-жек бар болғаны екі жарым минутқа созылды. 

Бірінші раундтың аяқталуына 30 секунд қалғанда ирандық боксшының қабағы жарылып, дәрігерлер жекпе-жекті тоқтатты. 

Жарыс ережесі бойынша, дәл осы кезде есепте алда тұрған боксшы келесі айналымға өтеді. Төрешілер 5:0 есебімен Шымбергеновті жеңімпаз деп таныған. 

Асланбек Шымбергеновтің келесі қарсыласы өзбекстандық Шахрам Гиясов.

Хабар 24 телеарнасы