Футзалдан Чемпиондар лигасында «Қайрат» Чехия командасымен тең түсті

«Қайрат» АФК Чемпиондар лигасында «Пльзеньге» қарсы матчта тең ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылық команда сапынан Дуглас, Альберт Акбаликов және Диего көзге түсті. 

Чемпиондар лигасы – 2021/22. Негізгі раунд. 4 топ. 1-тур. 

«Қайрат» АФК – «Пльзень» 3:3 (1:0) 

Голдар: Дуглас 16, Акбаликов 22, Диего 27 – Голы 23, Сейдлер 29, Внук 38. 

«Қайрат»: Сериков (В), Акбаликов, Тұрсағұлов, Дуглас (К), Оразов; Эдсон, Ранжел, Есенаманов, Диего, Витао, Досов. 

«Пльзень»: Вагала (В), Бухта, Внук, Голы, Сейдлер; Немец (В), Рицк, Решетар (К), Козар, Здрагал, Штрайт, Гавел, Кюнстнер. 

27 қазан. Римини. РДС.