Бокстан әлем чемпионатының үшінші күні: бүгін үш қазақстандық шаршы алаңға шығады

Данияр Елеусінов елорда төрінде чемпиондық жекпе-жек өткізеді. Кәсіпқой боксшының менеджері Зия Әлиевтің айтуынша бокс кеші 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Онда IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы сарапқа салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шымбергенов жеңді, Нұрмағамбет жеңілді. Белград қаласында бокстан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні тағы екі жерлесеміз өнер көрсетті. Алдымен 71 келідегі Асланбек Шымбергенов ирандық Фархад Морадимен жолыққан. Жекпе-жек тағдыры алғашы раунда шешілді. Ирандық боксшының қабағы жарылып, кездесуді жалғастыра алмады. Енді Шымбергенов келесі айналымда өзбекстандық Шахрам Гиясовпен жұдырықтасады.

Артынша шаршы алаңға 86 келідегі Бек Нұрмағамбет көтерілді. Кәсіпқой бокста әбден ысылған жерлесімізден көрермен жүлде күткен. Дегенмен оның қарсыласы осал болмай шықты. Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада чемпионы бразилиялық Кено Мачадо отандасымыздан айласын асырды. Осылайша Бек төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша жеңіліс тапты.

Бек Нұрмағамбет, ұлттық құраманың мүшесі:

– Шаршы алаңға шығатын тағы 7 боксшымыз бар. Мәселен, бүгін Нұрлан Сапарбай жарыс жолын бастайды. Ал Серік Теміржанов пен Абылайхан Жүсіпов екінші кездесулерін өткізеді. Бұған қоса, Сәкен Бибосынов пен Нұрқанат Райыс та алғашқы қарсыластарын ұтып, кезекті жекпе-жекке дайындалып жатыр. Сербиядағы дода 6 қарашаға дейін жалғасады.

ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛ ЖОЛДАМАСЫНА ТАЛАС

Футболдан ел кубогы мәресіне жетуі жақын. Күні кеше жартылай финалға шыққан командалар белгілі болды. Алматылық «Қайрат» сырт алаңда қызылордалық  «Қайсармен» жолығып, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Қонақтар сапынан Вагнер Лав пен Артур Шушеначев гол соқты. Ал алғашақы матчта алматылықтар 3:0 есебімен ұтқан. Осылайша қос ойын қорытындысы бойынша «Қайрат» жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Оған паралель Қарағандыда «Шахтер» мен «Тараз» өара мықтыны анықтады. Бұл матчта алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті. Ал Таразда өткен алғашқы матч 0:0 нәтижесімен аяқталған.

Осылайша келесі кезеңге «Шахтер» өтті. Енді «Шахтер» жартылай финалда Тобылмен ойнайды. Ал Қайрат Астанамен жолығады. Алғашқты матч қарашаның 6-сы және 7-сі күндері, ал қарымта ойын қарашаның 20-сында өтеді.

БЕЙЖІҢ ОЛИМПИАДАСЫНА 100 КҮН ҚАЛДЫ

Бейжің олимпиадасына 100 күн қалды. Қытай астанасы қазір қысқы ойындарды қабылдауға  дайын. Спорттық кешендер қолданысқа беріліп, тестілік жарыстар ұйымдастырылып жатыр. Санитарлық талаптар күшейтілді. Токио олимпиадасы сияқты бұнда да көрермендер кірігілмейді.

Айта кету керек, Бейжің қабылдаушы қала болғанымен, бәсекелер үш қалада өтеді. Яғни, Янцин және Чжанцзякоу қалаларында да қарбалас қыза түсті. Алдағы олимпиада бас-аяғы 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Оған 95 елден 4 мыңға жуық спортшы таласады. Оның ішінде жерлестеріміз де бар. Қазақстан құрамасы әзірге 38 лицензия иемденді. Желтоқсанның соңына дейін оның санын 90-нан асыру жоспарланып отыр. Ал медальға қатысты нақты болжам жоқ. Бейжіңдегі ойындар 4 ақпанда басталады. Қытай астанасы жазғы және қысқы ойындарды қабылдаған әлемдегі алғашқы қала атанбақ.

Томас Бах, Халықаралық олимпиадалық комитет президенті:

– Олимпиада ойындарына дайындық жоспар бойынша жүріп жатыр. Қытай тарапы оған үлкен жауапкершілікпен қарайды. Барынша қызықты әрі қауіпсіз өткізуге тырысады. Спортшылардың басым бөлігі осында келіп, әртүрлі халықаралық жарыстарға қатысты. Олардың ұйымдастыру жұмыстарына қатысты пікірлері жақсы. Тіпті, көбі таңданысын жасыра алмады. Бейжіңдегі олимпиада әлем тарихындағы ең кермет ойындардың бірі болады деп үміттенемін.   

Сондай-ақ...