Серік Теміржанов бокстан әлем чемпионатының келесі кезеңіне өтті

Боксшы Серік Теміржанов әлем чемпионатындағы екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Сербия астанасы Белградта бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Үшінші жарыс күнінің кешкі сессиясында 57 келідегі спортшылар шаршы алаңға шықты.

Дәл осы салмақта қазақстандық Серік Теміржанов жастар арасындағы әлем чемпионы Рейто Цуцумимен кездесті. Жекпе-жек 5:0 есебімен аяқталып, Серік Теміржанов келесі айналымға өтті.