Елордада көркем гимнастикадан ашық чемпионат басталды

Спорттық шара Тәуелсіздік сарайында өтіп жатыр. Алып нысан спорттық мектеп қолданысына берілгеннен бері алғаш ауқымды жарысты қабылдап тұр.

Чемпионаттың ашылу салтанатында 8  қызға спорт шеберлігіне үміткер куәлігі табысталды. Ал бәсекенің өзіне жүзден асак спортшы қатысып жатыр. Олар жекелей, топтық және эстетикалық жаттығулар бойынша бақ сынайды. Жарыс 2 күнге созылады және оның нәтижесінде қалалық құрама жасақталмақ. Ал көркем гимнастика орталығына айналған «Тәуелсіздік сарайында» алдағы жылы республикалық чемпионат ұйымадастырылады.