Магомед Мустафаев Дамир Исмағұловқа қарсы жекпе-жектің өтпей қалуына қатысты пікір білдірді

Ресейлік файтер Магомед Мустафаев Дамир Исмағұловке қарсы жекпе-жек өтпей қалғанына өкініш білдірді. Жекпе-жек 30 қазанда Әбу-Дабиде UFC 267 турнирінің бастапқы кардында өтуі керек еді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Баршаңызға Ассаляму алейкум. Өкінішке қарай, Дамирдің (Исмағұлов – еск.) денсаулығы нашарлауына байланысты жекпе-жегіміз өтпеді. Ұжымымыздың атынан оның тезірек сауығып кетуін тілейміз. Мен өз командама және дайындығыма атсалысқан барлық адамға алғыс айтқым келеді. Алдағы турнирлерге дайындаламыз», - деп жазды Магомед Мустафаев Instagram парақшасында.

Дамир Исмағұловтың денсаулығы нашарлауына жекпе-жекке дайындықта салмақ жоғалту кезінде туындаған қиындықтар себеп болғаны айтылды. Қазақ файтері жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінде лимиттен асып кетті. Оның салмағы 74,16 келіні көрсетті.