Тұрлыханов Қазақстан күрес федерациясының вице-президент қызметінен кетті

Дәулет Болатұлы Тұрлыханов Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президент қызметінен кетті, деп хабарлайды «Хабар 24» Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Грек-рим күресін дамытуға қосқан елеулі үлесіңіз үшін Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы атынан Сізге алғыс айтамын. Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында еліміздің барлық өңірінде грек-рим күресінің залы ашылды, кейінгі төрт жылда республика бойынша спортпен шұғылданушылар саны артты. Сіз көптеген жас балуанға үлгісіз, жеткен жетістіктеріңіз жоққа шығарылмайды, нағыз қазақтың батырысыз. Сіздің халықаралық деңгейдегі қолдауларыңызбен күрестің барлық түрінен Қазақстан құрамаларын әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарының алтын жүлделеріне алып барамыз деп ойлаймын», делінген федерация президенті Ерлан Кожасбайдың хатында.

Тұрлыхановтан бөлек бұған дейін федерацияның тағы бір вице-президенті Гузель Манюрова да орнын босатқан болатын.