Бокстан әлем чемпионаты: Саматәлі Төлтаев таиландтық қарсыласын тізе бүктірді

Бокстан Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Саматәлі Төлтаев келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды «Хабар 24» Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

60 келі салмақта сынға түскен Саматәлі таиландтық Хунатип Пиндучпен кездескен болатын. 

Аса тартысты өткен жекпе-жектің алғашқы раундында Төлтаев басым түсті. Екінші раундта таиландтық боксшы есе қайтарса, үшінші раундта Саматәлі жеңісті жұлып алды. 

Төрешілер 3:2 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді. 

Айта кетелік, бүгін күндізгі сессияда Махмұд Сабырхан (54 келі) мен Айбек Оралбай (92 келі) жеңіске жетті.