Спорт журналисі Евгений Гайдамакин қайтыс болды

Қазақстанның спорт саласында жақсы таныс талантты журналист Евгений Гайдамакин көз жұмды, деп хабарлады Рrosports.kz.

Ол радио жүргізушісі ретінде жемісті еңбек еткен, ал жақында жеке жобасы - Sports True youtube-арнасын жүргізумен айналысты.

Евгений мансабының ұзақ кезеңін біздің холдингте өткізді. Журналистік қызметтен бастап бас редактор қызметіне дейін жетті. Ол спортты, журналистиканы жанындай жақсы көрді, көптеген әріптесінің кәсіби маман болуына ықпал етті.

Евгенийдің арамыздан кетуіне коронавирус себеп болды.