434,60 493.30 5,88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бокстан әлем чемпионаты: шаршы алаңға бүгін кімдер шығады

  • 507
  • UPD: 12:38, 30.10.2021
Бокстан әлем чемпионаты: шаршы алаңға бүгін кімдер шығады Olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын сәтті жалғастырып жатыр.

Olympic.kz кезекті жарыс күнінде шаршы алаңға шығатын қазақстандық спортшылар тізімін ұсынды.

Сербия астанасы Белград қаласында бүгін әлем чемпионатының кезекті жарыс күні басталады. Отандық боксшылар екі сессияда да бақ сынайды. 

Күндізгі сессияда 48 келі салмақ дәрежесінде Теміртас Жүсіпов сербиялық Омер Аметовипен кездеседі. 75 келіде Нұрқанат Райыс Молдова спортшысы Влад Гавриличке қарсы шығады. Ал 80 келіде Нұрбек Оралбай Бразилия боксшысы Исаяс Фильгомен қолғам түйістіреді.

Әлем чемпионатының кешкі сессиясында қазақстандықтар 63,5 келіде Санатәлі Төлтаевқа жанкүйер болады. Оның қарыласы Молдова өкілі Василий Чеботарь болмақ.

Хабар 24 телеарнасы