434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Денис Никиша – шорт-тректен әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері

  • 127
  • UPD: 15:16, 30.10.2021
Денис Никиша – шорт-тректен әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері olympic.kz

Қазақстандық спортшы шорт-тректен әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жапонияның Ногая қаласында шорт-тректен ерлер арасында 500 м қашықтық бойынша финал аяқталды. Қазақстан құрамасының мүшесі Денис Никиша тиісті қашықтықты 58.267 уақытта бағындырып қола жүлдеге ие болды.

Айта кетерлігі, бұл Денис Никишаның биылғы маусымдағы екінші жүлдесі. Қытайда өткен әлем кубогінің бірінші кезеңінде де ол қола жүлдені жеңіп алған болатын.

Хабар 24 телеарнасы