Андрей Голубев жұптық сында ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Санкт-Петербург ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

А.Голубев монаколық Хьюго Ниспен бірге жартылай финалда канадалық Денис Шаповалов – үндістандық Рохан Бопаннамен кездесті. Алғашқы сетті Андрей мен Хьюго 4:1 есебімен бастады, алайда Денис пен Рохан екі брейк жасап есепті теңестірді.

10-геймде тең тұрғанда Андрей эйс жасап есепті 6:4 қылды.

Төртінші және сегізінші геймде екі сәтті брейк жасаған Канада-Үндістан теннисшілері екінші сетте 6:2 есебімен алға шықты. Супер тай-брейкте қарсыластар тең келе жатты, алайда Голубев пен Нис белсенді қимылдап 10:4 есебімен жеңіске жетті. Финалда қазақстандық пен Монако теннисшісі жұптық турнирдің үздіктері - Джэйми Маррей (Ұлыбритания) мен Бруно Соареспен (Бразилия) шеберлік сынасады.