Гловер Тейшейра 42 жасында UFC чемпионы атанды

Аралас жекпе-жектен жартылай ауыр салмақта бақ сынайтын 42 жастағы бразилиялық Гловер Тейшейра (33-7) UFC 267 турнирінің басты айқасында Поле Ян Блаховичтен (28-9) белбеуін тартып алып, UFC чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек екінші раундта аяқталды - Тейшейра қылқындыру әдісін сәтті орындап, Блаховичті берілуге ​​мәжбүр етті. Осылайша, Гловер Тейшейра жартылай ауыр салмақтағы жаңа UFC чемпионы атанды.

Бразилиялық жартылай ауыр салмақтағы титулды жеңіп алуға алғашқы әрекетін 2014 жылдың сәуірінде жасаған еді. Бірақ Джон Джонстан ұпай санымен жеңіліп қалды.

Блахович үшін бұл ММА-дағы 37 жекпе-жектегі тоғызыншы жеңіліс болды. Тейшейра 40 кездесуде 33 рет жеңіске жеткен.