Бокстан әлем чемпионаты: бүгін төрт қазақстандық спортшы шаршы алаңға шығады

Бүгін Сербияның Белград қаласында бокстан әлем чемпионатының кезекті жарыс күні басталады, деп хабарлайды «Хабар 24» Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Күндізгі сессияда Қазақстан атынан Махмұд Сабырхан (54 келі) шаршы алаңға шығады. Ол шотландиялық Мэттью Макхэйлмен жұдырықтасады.

Кешкі сессияда Саматәлі Төлтаев (60 келі) колумбиялық Дуван Зулетамен кездессе, Асланбек Шымбергенов (71 келі) германиялық Магомед Шахидовпен жолығады. 

Сондай-ақ Айбек Оралбай (92 келі) өзбекстандық Мадияр Саидрахимовқа қарсы шығады.