Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/4 айналымына өтті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Махмуд шотландиялық Мэттью Макхэйлмен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. 

Жартылай финал жолдамасы үшін таласта Махмұд Сабырхан бразилиялық Майкл Тринидадпен жұдырықтасады.