Бокстан әлем чемпионаты: Серік Теміржанов ширек финалға шықты

Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында кезекті жарыс күні басталды, деп хабарлайды «Хабар 24» Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

57 келіде сынға түскен қазақстандық Серік Теміржанов 1/8 айналымда үндістандық Рохит Мормен кездескен болатын.

Жекпе-жек барысында Теміржанов өзін өте сенімді ұстап, қарсыласын 4:1 есебімен жеңді. 

Осылайша, ол ширек финалға өткен боксшылар қатарын толықтырды.