Бокстан әлем чемпионаты: Нұрқанат Райыс жартылай финал жолдамасына таласады

Бокстан Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір қазақстандық боксшы ширек финалға шықты, деп хабарлайды Olympic.kz. 

75 келі салмақта сынға түсіп жатқан Нұрқанат Райыс ширек финалда ауғанстандық Сүлейман Асланиді ірі есеппен жеңді.

Ауғанстандық боксшы айтарлықтай қарсылық көрсете алған жоқ. 

Осылайша, Серік Теміржанов пен Абылайхан Жүсіповтің ізін ала, Нұрқанат Райыс та әлемдік сынның ширек финалына өтті.