Токио жүлдегері Сәкен Бибосынов әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Сәкен Бибосынов ширек финалға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24» Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

51 келіде сынға түскен Бибосынов 1/8 айналымда үндістандық Дипакпен кездескен болатын. Тартысты жекпе-жекте Сәкен Бибосынов 5:0 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетелік, бірінші кездесуде Сәкен Бибосынов өзбекстандық Хасанбай Досматовты жеңді.