434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Әлем чемпионаты: 10 боксшымыз ширек финалда

  • 180
  • UPD: 16:27, 02.11.2021

Сербия астанасында бокстан әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір 10 боксшымыз ширек финалға шықты. Жарыстың кезекті күні шаршы алаңға 6 жерлесіміз шығып, алтауы да жеңіске жетті.

Атап айтқанда, жеңіл салмақтағы Серік Теміржанов, орта салмақтардағы Абылайхан Жүсіпов, Сәкен Бибосынов, Санатаәлі Төлтаев және Нұрқанат Райыстар жекпе-жектерін сәтті өткізіп, келесі кезеңге өтті. Бұған қоса, 80 келіге дейінгілер араксында Нұрбек Оралбай венгриялық Пал Ковачпен жолығып, айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп 5:0.

Айта кетейік, ширек финалға жолдама алғандар көрсеткіші бойынша Қазақстан бірінші орында. Одан кейін Ресей құрамасы келеді. Көрші елдің 8 спортшысы жарысты жалғастырып жатыр. Үздік үштікті Өзбекстан, Куба және АҚШ түйіндеп тұр. Әрқайсысында 6 боксшыдан бар. Енді жартылай финал жолдамасына талас басталады. Белградтағы бәсеке 7 қарашаға дейін жалғасады.

 

Хабар 24 телеарнасы