Баскетбол: «Астана» ішкі біріншілікте көш бастады

Баскетболдан ерлер арасындағы ұлттық лига өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның аясында «Астана» «Каспий» командасымен кездесті. Ақтау қаласында өткен қос матч та елордалықтардың айқын басымдығымен аяқталды. Алдымен 97:59 есебі тіркелген. Екінші күні 54:94 нәтижесімен ұтты. «Астана» сапынан Олег Балашов пен Дмитрий Гаврилов үздік ойыншы атанды. Осылайша елордалық клуб 6 ойыннан кейін 12 ұпай жинап, турнир тізімінің бірніші сатысына жайғасты. Үздік үштікте Атырау мен Қостанай командалары. «Каспий» әзірге соңғы сатыда. Ұлттық Лига сәуір айына дейін жалғасады.

Айта кетейік, ел біріншілігі осымен 30-шы мәрте ұйымдастырылды.