Боксшы Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатында жартылай финалға шықты

Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жектер басталды. Қазақстан сапынан алғаш болып шаршы алаңға шыққан Теміртас Жүсіпов жартылай финалға өтті деп хабарлайды Olympic.kz.

48 келіде бақ сынаған Теміртас ширек финалда өзбекстандық Нодиржон Мырзахмедовті ұтты.

Төрешілер 5:0 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Нәтижесінде Теміртас Жүсіпов әлем біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды. Боксшының еншісінде кем дегенде қола медаль бар.