Бес боксшымыз жартылай финалда. Белградтағы әлемдік сын аяқталуға жақын

Бокстан Белградтағы әлем чемпионатында ширек финал жекпе-жектері толығымен аяқталды. Шаршы алаңға көтерілген он қазақстандық боксшының бесеуі жартылай финалға өтіп, әлемдік сында кем дегенде қола жүлде алатын мүмкіндікке ие болды деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық боксшылар ширек финалға шыққан спортшылар саны бойынша әлем чемпионатының рекордын орнатты. Бұған дейін бірде бір команда он боксшысымен мақтана алмаған. 

Ширек финалдық кездесулер бір күн ішінде өтті. Өкінішке қарай, он боксшымыздың жартысын ғана жартылай финалдан көре аламыз. Десе де, бұл да жаман көрсеткіш емес. 

¼ айналымдағы қазақстандық спортшылардың нәтижесі (жеңімпаз қарамен белгіленген): 

48 келі: Теміртас Жүсіпов - Нодиржон Мырзахмедов (Өзбекстан)

51 келі: Сәкен Бибосынов - Юбергуен Мартинез (Колумбия)

54 келі: Махмұд Сабырхан - Майкл Тринидад (Бразилия)

57 келі: Серік Теміржанов - Эдуард Саввин (Ресей)

60 келі: Саматәлі Төлтаев - Софьян Умиа (Франция)

63,5 келі: Санатәлі Төлтаев - Риз Линч (Шотландия)

67 келі: Абылайхан Жүсіпов - Чинзориг Баттарсухийн (Моңғолия)

71 келі:  Асланбек Шымбергенов - Юрий Захарьев (Украина)

75 келі: Нұрқанат Райыс - Сальваторе Кавалларо (Италия)

80 келі: Нұрбек Оралбай - Владимир Мирончиков (Сербия)

Жартылай финалға өткен әрбір боксшының кем дегенде қола алатын мүмкіндігі бар. Алайда, біз олардан одан да жоғары нәтиже күтетініміз анық. 

Жартылай финалдық бәсекелер 4 қарашаға жоспарланған.