Александр Шефер «Астанаға» оралып, бас спорт директоры атанады

Александр Шефер «Астанаға» оралып, бас спорт директоры атанады

Қазақстандық маман, «Астана» жобасының тарихындағы ең тәжірибелі әрі табысты директорлардың бірі Александр Шефер 2022 жылы Astana Qazaqstan Team командасына оралып, бас спорт директоры қызметін атқарады, деп хабарлайды «Хабар 24» команда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылғы маусымда Александр Шефер ресейлік Gazprom – Rusvelo командасымен жұмыс істеді.

Бұл клубпен келісімшарт 2022 жылдың соңына дейін жасалғанына қарамастан командалар өзара келісті. Осылайша, Александр Шефер қазақстандық жобаға оралады.