Қазақстандық теннисші Словениядағы турнирдің негізгі кезеңіне шықты

Лашко – Словениядағы курорттық қала. Халықаралық сыра және гүлдер фестивалімен танымал. Ол өзінің қонақжай алаңында «WTT Contender» үстел теннисі турниріне қатысушыларды қабылдауда.

2 қарашада жарыстың негізгі торына шығу үшін біліктілік матчтары өтті, онда интернационалдық жұп Айдос Кенжеғұлов / Димитрие Леваяк (Қазақстан/ Сербия) 3:0 есебімен ағылшындар Дэвид Мкбит / Пол Дринкхоллды жеңді. Келесі қарсыластары Мишель Левински / Кларенс Чю (АҚШ/Сингапур).

Жеке турнирде Айдос тартысты жекпе-жекте австриялық Александр Чэннен 2:3 есебімен ұтылды. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко 1/16 финалда Венгриядан келген Бенце Майорошпен кездеседі.