Бокстан әлем чемпионатында Қазақстанның шағымы қанағаттандырусыз қалды

Қазақстандық тараптың шағымы қанағаттандырылмады. Сербия астанасында бокстан әлем чемпионаты жалғасып жатыр.

Ширек финалдан кейін ұлттық құраманың басы-қасындағылар төрешілер шешіміне қатысты шағым түсірген. Атап айтқанда, 63 келідегі Санатәлі Төлтаев пен 75 келідегі Нұрқанат Райыстың жеңілістері күмән тудырды. Алайда ұйымдастырушы тарап шешімді өзрессіз қалдырды. Кейін халықаралық бокс қауымдастығының президенті Умар Кремлев жағдайға түсініктеме беріп, жарыстан кейін төрешілік жүйесі жетілдірілетінін жеткізді. Ал қалған спортшыларымыз бүгін жарыс жолына шығады. Жартылай финалға 5 жерлесіміз өтті. Финалдың жолдамалары елорда уақытымен 18:00-де сарапқа салына бастайды. Ал әлем чемпионатының жалпы қорытындысы 7 қарашада белгілі болады.